Компания жайлы

«Карина TRADING» фирмасы – Қазақстандағы санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдерін шығаратын танымал өнеркәсіптердің бірі болып табылады. Біздің компания 19 жылдан аса еңбек тәжірибесі бар, Қазақстан нарығында алдыңғы орындардың бірінде келеді. Осы уақыт ішінде біздің компания дәретхана қағаздарының үш түрінен бастап, кең ауқымды қағаз өнім түрлерін шығаруға мүмкіндік алды. Біз Ресей өнеркәсібінің және өз қағаздарымыздың негізінде ескіні қолдана отырып, жаңа жұмыс технологиясын өндірісімізге ендіреміз. Соның негізінде біздің тауарлардың өте жоғары сапалы болуына қол жеткіздік. Дәретхана қағаздары, салфеткалар, қағаз сүлгілер – біз өндіретін өнімдердің негізгі түрлері ғана. Жекелеген тапсырыстарға орай қағаз өнімдерінің қандай түрлерін болса да жасауға мүмкіндігіміз бар.

Қазіргі уақытта біз өндіретін тауарларымыздың түрлерін молайтудамыз. Тапсырыс берушінің сұранысына қарай жекелеген дизайнмен жаңа үлгідегі, жаңа қалыптағы өнімдерді де жасаймыз.

Біздің өнімдердің жоғары сапасына куә - сертификаттар болып табылады, ал түрлі-түсті безендірілуі ең тұрақсыз тұтынушының да көз жауын алады. Барлық тауарлар штрихты кодтармен қорғалған.